RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Түркістан арқылы ұшады: мамырдан бастап Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады

Жарияланған күні:

Ұшақ бортында отырған жолаушылар
Ұшақ бортында отырған жолаушылар. Көрнекі фото: Constantine Johnny/Getty Images

1 мамырдан бастап қазақстандық QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады", - делінген хабарламада.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Айта кетейік, бұған дейін SCAT әуекомпаниясы биылғы жылдың 27 мамырынан бастап, Шымкент - Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды, 28 мамырдан бастап Шымкенттен Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды, 29 мамырдан бастап Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ 29 мамырдан бастап Шымкент - Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233202-turkistan-arqyly-ushady-mamyrdan-bastap-ozbekstanga-zhanga-aue-bagyty-ashylady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif