jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда жылу қашан өшірілетіні белгілі болды

Радиатор
Радиатор. Көрнекі фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі жылу 10 сәуірден бастап өшіріле бастайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында Алматыда сырттағы ауа температурасының орташа тәуліктік температура +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданған.

"Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды. Алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдени нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер), әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер)", - делінген хабарламада.

Кеңесте биыл Алматыда ұзындығы 39 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отырғаны айтылды. Қазіргі таңда жылу желілері 56,1 пайызға тозған, қабылданған шаралар арқылы бұл көрсеткішті 54,9 пайызға дейін төмендету көзделген.

2024 жылы қалада 20 км жылу жүйесі жаңартылған, 85 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл жылу беру тиімділігін айтарлықтай арттырған.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте жылыту маусымы аяқталды. Әкімдіктегілер көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру бағытында тұрғындардың өтініші бойынша тиісті жұмыстар жалғасатынын айтты.

Алматыда жылу қашан өшірілетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.