jitsu gif branding logo appbranding logo app

Дауыл салдарынан Алматыдағы ботаникалық бақ бірнеше күнге жабылды

Ботаникалық бақ
Ботаникалық бақ. Фото: instagram.com/botsadkz/

Алматының Бас ботаникалық бағы 7 сәуірде болған дауылға байланысты екі күнге жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мекеме өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

"Құрметті келушілер!

Қалада кеше болған дауылға байланысты ботаникалық бақ келушілер үшін 10 сәуірге дейін жабық.

Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақта жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігінің алдын алу үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет", - делінген жазбада.

Ботаникалық бақ өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, 7 сәуір кешке Алматыда күн бұзылып, қатты дауыл тұрды. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.