Маңғыстауда сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді (фото)
Жарияланған күні:

Маңғыстау даласында "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін, құмда өсетін соғды қызғалдағы гүлдеді. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соғды қызғалдағы – жойылып кету қаупі бар, климатқа төзімді өсімдік. Ол тек Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстау аймағының құмды әрі тасты шөлдерінде өседі.

Наурыз-сәуір айларында гүлдейді және биіктігі 10-25 сантиметрге дейін жетеді.
Жасыл желекке оранған Маңғыстаудың кең даласы көпшіліктің назарын аударған. Мамандар сирек кездесетін қызғалдақты жұлмауға, сырттай ғана тамсануға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте сакура ағаштары, Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінің ботаникалық бағында қызғалдақтар гүлдегенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234004-manggystauda-sirek-kezdesetin-sogdy-qyzgaldagy-guldedi-foto/