jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаев белгілі журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты

жеделхат
Фото: kazaknews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты", – делінген жеделхатта.

Айта кету керек, бүгін танымал қазақстандық журналист, "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков 59 жасында өмірден өткені белгілі болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.