Астана мен Ақтөбе арасындағы әуе рейстері саны артады
Жарияланған күні:

Астана мен Ақтөбе арасындағы әуе рейстері саны артады, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мамыр айының басынан бастап Qazaq air әуе компаниясы Астана мен Ақтөбе арасындағы рейстерінің жиілігін аптасына 7-ден 8 ретке дейін арттырады. Әуе рейстері Канадада өндірілген жаңа буындағы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесімен орындалады.
Қосымша рейстер сейсенбі күні орындалады.
Әуе рейстерінің кестесімен тасмалдаушынының ресми сайтында танысуға болады", - делінген хабарламада
Айта кетейік, бұған дейін 1 мамырдан бастап QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отырғанын жазған едік.
Сондай-ақ SCAT әуекомпаниясы биылғы жылдың 27 мамырынан бастап, Шымкент - Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды, 28 мамырдан бастап Шымкенттен Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды, 29 мамырдан бастап Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, 29 мамырдан бастап Шымкент - Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236707-astana-men-aqtobe-arasynda-qatynaityn-aue-reisteri-sany-artady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде