jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мамырда бірнеше өңірде орташа құрғақшылық болуы мүмкін

Тамызда біраз өңірде құрғақшылық болады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, мамырда Қазақстанның бірнеше өңірде орташа құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 2025 жылғы мамырда алдын ала есептеулер бойынша және қалыптасқан метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, мына облыстарда орташа құрғақшылық болады деп күтіліп отыр:

  • Қостанай облысы Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласының маңында;
  • Батыс Қазақстан облысы Казталов, Жаңыбек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында;
  • Ақтөбе облысы Шалқар ауданында;
  • Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандарында;
  • Қарағанды облысы Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Алматы облысы Балқаш ауданында;
  • Жетісу облысы Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында;
  • Түркістан облысы Созақ ауданында;
  • Маңғыстау (Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия) және Қызылорда (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қ.) облыстарының басым бөлігінде.

Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп күтілуде.

Айта кетейік, "Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, Қазақстанда биылғы жаз қатты ыстық әрі құрғақ болады деп күтіліп отыр.

Мамырда бірнеше өңірде орташа құрғақшылық болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.