jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады

ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

1 маусымнан бастап Air Arabia Abu Dhabi әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады. Бұл туралы еліміздің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуетасымалдау нарығына БАӘ-ның Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуекомпаниясы кіреді.

Әуекомпания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Айта кетейік, бұған дейін 1 мамырдан бастап QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 1 мамырдан бастап Таиландқа кіру ережесі өзгереді.

Маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.