jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада Кәрім Мәсімовке тиесілі деген зәулім үй тәркіленді

Астанадағы зәулім үй
Астанадағы зәулім үй. Фото: auction.e-qazyna.kz

Астанада ҰҚК-нің сотталған экс-төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі делінген үй әлеуметтік қажеттіліктер үшін тәркіленді, деп хабарлайды Қайтарылған активтерді басқару компаниясына сілтеме жасаған BAQ.KZ.

"Астана қаласының әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беру жөнінде ресми сұраныс түсті. Әлеуметтік маңыздылығы мен заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарына шығарылды. Нысанды әрі қарай пайдалану жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі", - делінген Қайтарылған активтерді басқару агенттігі (KUVA.KZ) хабарламасында.

Әңгіме елорданың Нұра ауданына қарасты Қараөткел ықшамауданындағы особняк туралы болып отыр. Бұл үй қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында тұрған. Нысанның бастапқы бағасы 1,6 миллиард теңге болған.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген коттеджге ұқсас үй аукцион арқылы саудаға шығарылды.

Астанада Кәрім Мәсімовке тиесілі деген зәулім үй тәркіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.