jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйге ұқсас коттедж аукционға қойылды (фото)

коттедж
Коттедж. Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген коттеджге ұқсас үй аукцион арқылы саудаға шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қайтарылған активтерді басқару компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының хабарлауынша, электрондық сауда 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында өткізіледі. Лоттың бастапқы бағасы – 1 883 338 958 теңге.

ауласы
Үйдің аумағы. Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Лот сипаттамасында жертөлесі бар тұрғын үй Астана қаласы Нұра ауданында орналасқаны жазылған. Үй 2008 жылы салынған, құжаттары бойынша үй жертөледен бөлек тағы екі қабаттан тұрады.

Бассейн
Бассейн. Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Айта кетейік, ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген мүліктің фотосуреттерін жариялаған. Онда электронды сауда алаңында жарияланған фотоларға сәйкес келетін бірнеше көлік пен үйдің суреттері болған.

Еске салайық, 2022 жылы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Ал 2023 жылы 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Астанада Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйге ұқсас коттедж аукционға қойылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.