Зектілері

86 университеттен шақырту түскен: тағы бір арыстық оқушыны әлемнің беделді университеттері оқуға шақырды

Жарияланған күні:

Алтынбек Айсұлтан
Алтынбек Айсұлтан. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Арыс қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алтынбек Айсұлтан шақырту алған университеттердің ішінде ең беделді халықаралық 10 университет бар.

Олар: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University сынды әлемге әйгілі жоғары оқу орындары.

"Бұл білім ордалары — жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер қатарында.

Айсұлтан иеленген грант $4 614 000 долларды құрайды. Бұл жетістік — Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін осы "Білім инновация" лицейінің тағы бір оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған еді.

Сондай-ақ Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алина Есенгелдиева шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241474-86-universitetten-shaqyrtu-tusken-tagy-bir-arystyq-oqushyny-alemning-bedeldi-universitetteri-oquga-shaqyrdy/