Астанада өтетін әскери шеруге кім шақырылған
Жарияланған күні:

Астана әкімдігі қалада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін ауқымды әскери шеруге кім шақырылғанын хабарлады. Тиісті ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
"Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылатынын жазған едік:
1. ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру); 2. Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында); 3. Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы «Astana Music Hall» тұрақ аумағы (Құмыра).
Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Сонымен қатар іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Мына өзгерістерге назар аудару қажет:
- Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.
- Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет.
- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
- Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242257-astanada-otetin-askeri-sheruge-kim-shaqyrylgan/