jitsu gif

Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жаңа мәлімет шықты

Сара Алпысқызы
Сара Алпысқызы. Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, ол ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Қазақстан президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пациент Қазақстан президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталінде ем алып жатыр. Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 273-бабына сәйкес, пацинетке, оның диагнозына, денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер "Медицина қызметкерінің құпиясы" деп аталатын санатқа жатады.

Мәліметтерді жарияламау туралы шешім пациенттің мүддесіне сай, яғни оның құпия сақтауға қатысты заңды құқықтарын қамтамасыз ету, жеке өмірін құрметтеу және және емдеу процесін ықтимал араласудан қорғау мақсатында қабылданды. Түсіністік танытып, медициналық этика мәселелеріне құрметпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - деп хабарлады госпитал өкілдері NUR.KZ тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Сара Назарбаеваның ауырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін оны Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы тұңғыш "SOS – балалар ауылдарының" түлегі Рафаэль Гасанов растады.

Кеше Қазнетте Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы бұл деректің шындыққа жанаспайтынын айтып, Сара Алпысқызының ауруханада ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.