Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция
Опубликовано:

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 16 мамыр сағат 10:00-ге белгіленген. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр.
Іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр.
- Шынасыл Абзал Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен айыпталған;
- Сакиев Равиль Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен айыпталған;
- Тоқтаубаев Азамат Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған;
- Әскентай Дархан, Белғожаев Шыңғыс, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Қалиахмет Д. — Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен айыпталған;
- Кәмелетке толмаған Ы. 434-бап бойынша айыпталған.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2245563-sherzat-bolattyng-olimine-qatysty-is-boiynsha-ashyq-sot-otyrysy-onlain-transliatsiia/