jitsu gif

Сотталушылардың бірі Шерзат Болаттың өлімінен кейін басқа іс бойынша бас бостандығынан айырылған

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінгі сот отырысында Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр. Ол марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың телефонын ұрлады, бұзақылық жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысында айыпталушы Азамат Тоқтаубаев төбелес кезінде үйде болуға міндетті болғаны, Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша үйқамаққа алынғаны белгілі болды.

"Мені қаулымен таныстырды және пробация қызметкерлеріне, ауылдық учаскелік полиция қызметкеріне көшірмелерін бердім. Үйден шығуға болмайтынын білдім, үйқамақ бұлтартпау шарасын бұздым, оны құқық бұзушылық деп танысаңыздар... мен өзім құқық бұздым деп есептеймін. Үйден шықпасам, ештеңе болмас еді. Бірақ денсаулығыма байланысты дәріханаға баруым керек болды", - деді сотталушы.

Сондай-ақ Шерзат Болат қаза тапқаннан кейін екі апта өткен соң Азамат Тоқтаубаев басқа іс бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

"2023 жылы 14 желтоқсанда мені күдікті деп танып, 106-баптың 1-тармағымен екі айға қамауға алуға санкция берген еді. Мені уақытша ұстау изоляторына, Талдықорғандағы 71-мекемеге жапты. Одан кейін жәбірленуші бұл іске менің қатысым жоқ екенін айтып, арыз жазып берді. Тергеу барысында маған қатысты нақты дәлел болған жоқ. Одан кейін Талдықорған қаласынан ақпанның 6-сында үйқамаққа шықтым. Жаз бойы мен тергеу барысында Талғар аудандық полиция басқармасына үйден барып жүрдім. Одан кейін тергеуші 106-баптың 2-тармағына ауыстырды. 17 қазанда маған 7 жылға үкім шықты. Ал бұл іске 2024 жылдың 4 қазанында санкция берілді, халық шулап кеткендіктен, ешкімнің сөзіне қарамай Талғар аудандық соты үкім шығарып жіберді. Мен бұған қатысты Жоғарғы сотқа арызданып жатырмын", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлімінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе одан бөлек 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.