Әкімдік өкілдері Назарбаев әулетінің зиратындағы "жаңа қабір" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы облысының әкімдігі БАҚ-та жарияланған Шамалғандағы Назарбаев әулетінің зиратында "жаңа бейіт пайда болғаны туралы" ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа қабірдің пайда болғанын бұған дейін тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарған "Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратпен" байланыстырған.
Бұған қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы зиратта орналасқан бейіт 2024 жылы 5 желтоқсанда қайтыс болған азаматқа тиесілі.
Жерлеу діни ғұрыптар мен дәстүрге сай жүргізілді.
Қазіргі уақытта бейіт басында ешқандай жазу мен белгі жоқ. Алайда, туыстарының мәліметінше, ескерткіш тақта таяу арада орнатылады", - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 5 мамырда желіде Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты ақпарат тараған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2246559-akimdik-okilderi-nazarbaev-auletining-ziratyndagy-zhanga-qabir-turaly-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/