Бурабайда құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Опубликовано:

Ақмола облысында кадастрлық құны 53,4 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті "Кипрос" ЖШС-ның пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілген.
Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталған.
"Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған.
2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған.
Тексеру нәтижелері бойынша департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Түрксіб ауданының прокуратурасы ұлттық университетке жатақханасын қайтарғанын жазған едік.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247690-burabaida-quny-53-4-mln-tengge-bolatyn-zher-uchaskesi-memleket-menshigine-qaitaryldy/