Шерзат ісі бойынша күдіктілердің бет-жүзі көрініп қалды: сотта қызметтік тексеру нәтижесі жарияланды
Опубликовано:
Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысының бірінде күдіктілердің бет-жүзі эфирге шығып кеткен еді. Бүгін аталған видеоның желіде таралуына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Осы қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейін желіде таралған күдіктілердің видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесін жариялаймын.
Қызметтік тексеріс сот процесінің онлайн-трансляциясы бойынша тартылған техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, соның нәтижесінде күдіктілердің эфирге шыққаны анықталды.
Нәтижесінде техникалық қызметкерлер Рустем Муксинов, Нәзира Оразалиева және Сәуле Кайдагулова тәртіптік жазаға тартылды", - деді сот.
Айта кетейік, Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 21 мамырда іс бойынша барлық айыпталушыдан жауап алынды, енді қылмыстық іс құжаттары зерттеліп жатыр.
Бүгінгі сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.
- Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция
- Шерзат Болат ісі: сот отырысында судья жәбірленушінің өкілі Мейірман Шекеевке ескерту жасады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247774-sherzat-isi-boiynsha-kudiktilerding-bet-zhuzi-efirde-korinip-qaldy-sotta-qyzmettik-tekseru-natizhesi-zhariialandy/