Қазақстанда 6 жаңа кәсіби мерекені бекіту ұсынылып отыр
Опубликовано:
Читать на русском
Желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрық жобасы жарияланды, оған сәйкес, Қазақстанда 6 жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 12 маусымға дейін қоғам талқылауында болады.
Бұйырық жобасында еліміздегі кәсіптік мерекелер тізбесіне алты жаңа кәсіптік мерекені енгізу ұсынылған. Олар: Қазақстан кәсіпкерлері күні, Қазақстанның қолөнершілер күні, Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні, Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні, Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Сондай-ақ құжатта Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертілетіні айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде Қаржылық мониторинг органдары күні, Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні, Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні секілді бірнеше жаңа кәсіби мерекелер пайда болғанын хабарлаған едік.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2249423-qazaqstanda-6-zhanga-kasibi-merekeni-bekitu-usynylyp-otyr/