Шерзат Болат ісі: сот куәлерге қатысты шешім шығарды
Опубликовано:

Сот прокурордың "жалған куәлік берді, маңызды ақпаратты жасырды" деген куәлердің әрекетін тексеру туралы өтінішіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін, сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсембай оқиға орнында болған куәлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді және Арлан Қазыкенов, Юлдаш Рузбакиев әрекеті тексеруді қажет ететінін айтып, олардың әрекетіне қатысты жеке қаулы шығаруды сұраған еді.
Сот осыған қатысты шешім шығарды.
"Яғни куәлер Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Арлан Казакенов, Юлдаш Рузбакиевтердің әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назары аудартылсын", - деді сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов.
Судья олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдары анықтауы қажет екенін айтты.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2252715-sherzat-bolat-isi-sot-kualerge-qatysty-sheshim-shygardy/