jitsu gif

Алматы облысында бұрынғы аудан әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот процесі басталды

Бағдат Қарасаев. Фото
Бағдат Қарасаев. Фото: gov.kz

Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдат Қарасаевтың ісі Іле аудандық сотында судья Жанмұрат Батыровтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Бұрынғы аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, Бағдат Қарасаевтың 2024 жылы қыркүйекте ұсталғаны туралы хабарланды.

Кейін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты мән-жайды баяндады.

2025 жылы сәуірде тергеу аяқталып, қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.