jitsu gif

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың туыстары сот шешімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты

Шерзат Болат ісі
Қорғаушылар. Фото: t.me/Jogargy_sot

Шерзат Болат ісі бойынша сот шешімі шыққаннан кейін үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары шу шығарды. Артынша қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысқан әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Жетісу ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жетісу облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында сот шешімі шыққаннан кейін сотталушылардың туыстары үкіммен келіспегенін жазды.

"Талдықорғанда "Шерзат Полат ісі" бойынша сот үкімі жарияланды. Сот шешімі жарияланғаннан кейін, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты. Олардың бірі — әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болатты өлтіру, Нұрқанат Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға үкім шығарылды.

Судья Ержан Жанұзақовтың айтуынша, сот барлық ұсынылған дәлелдемені зерттеп, сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәлары толық дәлелденген деген тұжырымға келген.

"Жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, оқиға орнынан алынған бейнежазбалар бар, заттай дәлелдемелер алынған, қажетті сараптамалардың барлығы өткізілген. Олардың шынайылығында күмән жоқ. Бұл дәлелдемелер сотталушылардың әрқайсының әрекетін айқын анықтауға мүмкіндік береді.

Шынасылдың нақты Шерзат Болатқа, оның өліміне алып келген пышақ жарақатын келтіргені, медициналық-криминалистік сараптама қорытындысымен бекітілген. Сараптама Шынасылдан алынған пышақпен (пышақ жүзінің сипаттамасымен) жарақат келтірілгенін көрсетті.

Пышақ, Шынасыл көрсеткен жерден, орман алқабынан алынған. Тергеу кезінде Шынасыл кінәсін мойындап айғақ берген.

Осы орайда, басқа сотталушылардың әрекеттері салдарынан Шерзат Болатқа жеңіл дәрежелі зиян келтірілген. Бұл да сараптама қорытындысымен расталған.

Заң бойынша адам өлтіруді адамдар тобымен жасалған деп, егер ол екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлесіп жасаған әрекеттерімен жасалған кезде танылады.

Жоғарыда айтқанымдай, өлімнің себебі бір пышақ соққысынан болған және оны Шынасыл жасаған. Сәйкесінше, ол адам өлтіру бойынша кінәлі деп танылған", - деді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.