jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Хабарлама жолданады": Цифрлық даму министрлігі жеке деректердің таралуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Ер адам компьютермен жұмыс істеп отыр
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Егер ақпарат расталып, азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, оған хабарлама жолданады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізуде.

Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ.

Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте.

Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған.

Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады", - делінген министрліктің ресми мәлідемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 16 миллионнан астам қазақстандықтың жеке мәліметтері интернетке тарап кеткені туралы ақпарат жарияланған еді.

Бұған қатысты Цифрлық даму министрлігінің өкілдері пікір білдірген болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.