jitsu gif branding logo appbranding logo app

Археологтар Шонжы ауылының маңынан сақ дәуіріне тән алтын бұйымдар тапты

алтын бұйым
Тарихи жәдігер. Фото: instagram.com/uigur_audany_akimdigi

Алматы облысы Шонжы ауылының маңынан археологтар сақ дәуіріне тән алтын бұйымдар тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұйғыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шонжы ауылынан шығысқа қарай 11 шақырым жерде орналасқан Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 (жергілікті атауы Бестөбе) қорымдарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның нәтижесінде Тоғызбұлақ-1 қорымынан біздің заманымыздан бұрынғы IV–III ғасырларға жататын алтын бұйымдар мен керамикалық жәдігерлер, сондай-ақ адам және мал сүйектері табылды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл олжалар өңірдің ежелгі сақ мәдениетінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді.

Қазба жұмыстарының басына аудан әкімі Бота Елеусізова мен облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев арнайы барып, танысқан.

Еске сала кетейік, жыл басында Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген сармат дәуіріне жататын бұйымдар табылған еді. Ғалымдар қазба жұмысын жүргізген обалардың 9-ы тоналмаған болып шықты.

Сондай-ақ былтыр Жетісуда сақ дәуіріне тән алтыннан жасалған әшекейлер табылды. Құнды дүниелер Дауылбайдағы патшалық қорымнан анықталған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.