jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Үлкен ерлік жасадыңыздар": Берік Уәли жоғалып кеткен 7 жасар баланы тапқан полицейлерді марапаттады

Берік Уәли және полиция қызметкерлері
Берік Уәли және полиция қызметкерлері. Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли жоғалып кеткен 7 жасар баланы тапқан полиция қызметкерлерін қабылдап, алғысын айтты. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кездесуде аймақ басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевке көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хат табыстап, олардың әрекеті баршаға үлгі екенін атап өткен.

"Үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен 7 жастағы баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырып, үлкен ерлік жасадыңыздар. Қиын сәтте батылдық танытып, өз міндеттеріңізге адал екендіктеріңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер.

Баланы іздеуге атсалысқан полиция, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен барлық тұрғындарға әкімдіктің атынан, халықтың атынан ризашылығымды білдіремін. Сіздердің жанашырлықтарыңыз – адам өміріне деген шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісі", - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 21 маусымда 7 жасар бала Семей қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған еді.

Хабар түскен сәттен бастап іздестіру жұмыстарына 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Баланы іздеуге полиция, төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, еріктілер мен тұрғындар белсенді атсалысты.

22 маусымда таңертең бала үйінен шамамен 10 шақырым жердегі орман алқабынан аман-есен табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапқан. Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпаған.

Берік Уәли және полиция қызметкерлері
Берік Уәли және полиция қызметкерлері. Фото: Абай облысының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.