jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада LRT вагондарына салынған граффити өшірілді

Граффити
Граффити. Кадр: instagram/cts_kz

Астанада LRT вагондарына салынған сурет өшірілді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"LRT вагондарына салынған граффити арнайы ерітінділердің көмегімен өшірілді. Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде ескерілді: сырлау жұмыстары төзімді қорғаныш материалдарын пайдалану арқылы жүргізілді. Жылжымалы құрамның беткі қабаты зақымдалмай тазартылып, бастапқы сыртқы келбеті сақталды", - делінген серіктестік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада белгісіз біреулер биыл күзде іске қосылады деп жоспарланып отырған жаңа LRT вагондарын бояп тастаған болатын. Көп ұзамай CTS серіктестігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Астанада LRT вагондарына салынған граффити өшірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.