Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылыққа ілінген алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылыққа ілінген алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты. Ол Қостандай облысында жазасын өтеп жатқан. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Комиттетің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде шамамен 2000 адам жазасын өтеп жатыр.
Конституцияның 30 жылдығына орай 300 адам рақымшылыққа ілінген. Бүгін солардың алғашқысы болып ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам бостандыққа шыққан. Оны үйінде жары мен үш баласы күтіп отыр.
Айта кетейік, рақымшылықпен бостандыққа шыққан жандарға жаңа өмірге бейімделу үшін қажетті қолдау қарастырылған. Олар жұмысқа орналасу, қажетті құжаттарды алу және осы секілді басқа да көмек түрлерін ала алады. Мамандар психологиялық қолдау көрсетеді, жаңа дағдыларды меңгеруге, қоғамда өз орнын табуға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының ортасында сенат депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдаған еді.
Бұл заңның аясында 15,1 мың адамға рақымшылық жарияланды. Оның 4,1 мыңы қылмыстық жауапкершіліктен және жазасын өтеуден босатылады.
Сондай-ақ 11 мың сотталушының негізгі жаза мерзімі мен мөлшері қысқартылады.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан кімдер рақымшылыққан ілінетінін толығырақ айтып берген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2261527-konstitutsiiasynyng-30-zhyldygy-qarsangynda-raqymshylyq-zhasalgan-algashqy-qazaqstandyq-bostandyqqa-shyqty/