jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

ҚМДБ Ақтөбе мешітінде бойжеткенге тиіскен ер адамға қатысты мәлімдеме жасады

Мешіттегі ер адам
Мешіттегі ер адам. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбеде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді — ер адам мешіттердің бірінің аумағында бойжеткенге тиіскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске салайық, 25 шілдеде Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.

Кейін ер адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданатын болды.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасап, мешітке келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті еске салды.

"Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында болған оқиғаға қатысты түрлі пікірлер таралып жатыр.

Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.

ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ Ақтөбе мешітінде бойжеткенге тиіскен ер адамға қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.