Әрқайсысының салмағы 23 тонна: СҚО-да құтқарушы үш вагонды жалғыз өзі сүйреді
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушы әрқайсысының салмағы 23 тонна болатын үш вагонды жалғыз өзі сүйреді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ-нің құрдасы, СҚО ТЖД-ның Аққайың ауданы Смирнов ауылындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Парсахан Алдияров айтулы датаға орай жеке рекордын орнатқан.
Ол теміржол бойымен салмағы 23 тоннадан тұратын үш вагонды жалғыз өзі сүйреген.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері үнемі спортпен шұғылданады. Ол өрт пен табиғи апаттарға қарсы тұру үшін, адамдарды қорғау және құтқару үшін құтқарушы жақсы физикалық формада болуы тиіс деп санайды.
Парсахан Алдияров әрбір адам таңдаған мамандығында үнемі шыңдалып отыруы керектігін, сонда ғана өз еңбегімен шын мәнінде мақтанып, көздеген мақсаттарына жете алатынын айтады.
Айта кетелік, Парсахан Алдияровтың бұған дейін салмағы 40 тоннадан асатын екі бірдей вагонды сүйрегенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2285469-arqaisysynyng-salmagy-23-tonna-sqo-da-qutqarushy-ush-vagondy-zhalgyz-ozi-suiredi-video/