jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Талғардағы көшелердің біріне Шерзат Болаттың атын беру ұсынылды

Шерзат Болат
Шерзат Болат. Фото: instagram.com/kris.p.karasai

Адвокат Мейірман Шекеев Талғар көшелерінің біріне қаза болған 16 жастағы жасөспірімнің атын беруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адвокат Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында бұл ұсынысты қала басшысы Арыстанбек Әбілқайырұлына айтқанын және әкім оның ұсынысын қолдайтынын жазды.

"16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталалы. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған.

Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім ол жайлы кейінірек түсіндіріп жатармын. Ал сіздер қалай қарайсыздар, қолдайсыздар ма?", - деп жазды Шекеев.

Еске салсақ, бұған дейін Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында 16 жасында қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана берілетінін мәлімдеген еді.

Шерзат Болат ісі

2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Биыл 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Сотталушылар:

— Абзал Шынасыл 23 жылға;

— Равиль Сакиев 20 жылға;

— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;

— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;

— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;

— Д.Ы. 1 жыл 6 айға сотталды.

Кәмелетке толмаған Д.Ы. шілде айында жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босатылды.

Қалған 8 сотталушы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.

Талғардағы көшелердің біріне Шерзат Болаттың атын беру ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.