jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы: Алматыда қай көшелер жабылады

Алматы қаласы
Алматы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 30 қыркүйекте "Қайрат" – "Реал Мадрид" футбол клубтарының арасындағы матч өтеді. Осыған байланысты полиция кей көшелерде қозғалыс шектелетін ескертті, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына байланысты Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшкен.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылданған.

Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осы орайда қалалық полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қозғалыс шектелетін көшелердің сызбасымен танысып, өз бағыттыңызды алдына ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады.

"Азаматтарға түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл –қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған уақытша қабылданған шаралар", - делінген хабарламада.

қозғалыс шектелетін көшелердің сызбасы
Қозғалыс шектелетін көшелердің сызбасы. Фото: Алматы ПД

Айта кетелік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен сағат 21-45-те басталады.

Қала полициясы бұған дейін де матчқа байланысты алматылықтарға және қала қонақтарына үндеу жасаған еді.

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы: Алматыда қай көшелер жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.