jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы.Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana Фукуок-Алматы рейсіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуекомпаниясының мәліметінше, 26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы барлық дәретхананың істен шығуына байланысты ұшып шығу әужайына қайтып оралған.

Әуе кемесі 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 14 минутта аман-есен қонған.

"Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды.

Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуекомпаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасуда", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсанда Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал берген еді.

Кейінірек әуекомпаниясы ұшақтағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді.

18 желтоқсанда Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды.

Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram