jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚАЖК Нұрасыл Болаттың бостандыққа шыққанын хабарлады

Нұрасыл Болат. Фото
Нұрасыл Болат. Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бостандыққа шықты, деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) NUR.KZ тілшісіне Нұрасыл Болаттың бостандыққа шыққанын растады.

"Сотталушы сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды", - деп түсіндірді ҚАЖК.

Нұрасыл Болат ісі

2023 жылғы ақпанда Дәулет Тұрлыхановатың кіші ұлы Нұрасыл даудың ортасында қалды. Адвокат Анна Чернова өзіне және жұбайы – адвокат Олег Черновқа Алматыда шабуыл жасалғанын айтты.

Кейін адвокаттар өздеріне шабуыл жасаған белгілі спортшы, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін білген.

Сол кезде Дәулет Тұрлыханов бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауап беретінін мәлімдеді.

2023 жылғы ақпанда сот бұл іс бойынша үкім шығарып, Нұрасыл Болатқа айыппұл түрінде жаза тағайындады. Анна Чернова үкіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

2024 жылғы мамырда Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы сотта тағы қаралып, үкім өзгертіліп, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Алайда тамыз айында заңгер Анна Чернова Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде жүрген видеосын жариялады. Кейінірек ІІМ ҚАЖК өкілі бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Нұрасыл Болаттың түндегі серуеніне қатысты пікір білдіріп, процесуалдық заң бұзушылықтар үшін кінәлілер жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Алайда бірнеше уақыттан кейін әлеуметтік желіде Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасына кесілгеніне қарамастан, түнде тағы қыдырып жүргені туралы ақпарат тарады. Видеоға ҚАЖД өкілдері пікір білдіріп, жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі бойынша материал әзірленіп жатқанын жеткізді.

2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қаулысымен Нұрасыл Болатқа қатысты 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

2024 жылғы желтоқсанда Нұрасыл Болат колонияға жіберілді – апелляциялық сот бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот шешімін күшінде қалдырды.

2025 жылғы маусымда Нұрасыл Болат жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастыру туралы өтініш бергені, алайда кейін өтінішті қайтарып алғаны белгілі болды.

Сондай-ақ сот Нұрасыл Болаттың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

ҚАЖК Нұрасыл Болаттың бостандыққа шыққанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.