jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Блогер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды

Молдахан Әділетхан
Молдахан Әділетхан. Фото: instagram.com/adiletkhan

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде соттың санкциясымен оған екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция жалған ақпаратты тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді", - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, 31 наурызда Алматы полиция департаменті Әділетхан Молдаханға қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаған едік. Күдіктінің уақытша ұстау изоляторында екені айтылды.

Артынша, 1 сәуірде Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазақстандық блогер Әділетхан Молдаханның 10 тәулікке қамауға алынғанын мәлім еткен болатын.

Блогер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.