jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мирзиеев Тоқаевқа Өзбекстанда табылған құнды құжаттарды тапсырды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан президенті мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.

"Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді.

Сондай-ақ кездесуде Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты.

Мирзиеев Тоқаевқа Өзбекстанда табылған құнды құжаттарды тапсырды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.