Жеңіс күніне орай 5 млн теңге төленеді: бүгінде елімізде қанша ардагер тұрып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстанда Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге 5 миллион теңгеден біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Көзі тірі майдангерлер қатары күн санап азайып барады. Қазір елімізде 57 ардагер тұрады. Олардың 14-і Алматы қаласында тұрып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында алты ардагерден қалған.
Алматы облысы, Қостанай облысы мен Павлодар облысында төрт, Жамбыл мен Түркістан облыстарында үш, ал өзге аймақтарда тек бір ардагер тұрып жатыр.
Еске салсақ, былтыр Шымкентте соғыс ардагерлеріне көлік кілті табысталған еді.
Сондай-ақ Астанада тұратын алты Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 миллион теңгеден берілгені туралы жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2374032-zhengis-kunine-orai-5-mln-tengge-tolenedi-buginde-elimizde-qansha-ardager-turyp-zhatyr/