jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Қозғалтқыштардың бірі істен шыққан": Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Көлік министрлігінің өкілдері Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып, тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша KZR921 рейсін орындау кезінде "Air Astana" АҚ-ның EI-KGJ тіркеу нөмірлі Airbus A321 әуе кемесіне қатысты авиациялық оқиға болған.

"Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы қозғалтқыштардың бірі істен шығуына байланысты PAN-PAN шұғыл дабылын жариялады. Осыған байланысты экипаж Ақтөбе қаласының қосалқы әуежайына қону туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі болған.

Ұшақ Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:34-те штаттық режимде қонған.

"Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында көзделген рәсімдерге сәйкес әрекет етті. Қонғаннан кейін әуе кемесі тұрақ орнына өздігінен жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды.

Авиациялық оқиға әуе кемесінің күштік қондырғысындағы техникалық ақауға байланысты болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес аталған авиациялық оқиға ауыр инцидент ретінде жіктеліп, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергейтін болады", - делінген хабарламада.

Алғашқы іс-шараларды жүргізу және ақпарат жинау мақсатында авиациялық оқиға орнына департамент қызметкері бармақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүгін Германияға бағыт алған Air Astana ұшағы Ақтөбеге қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

"Қозғалтқыштардың бірі істен шыққан": Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.