jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестенің жағдайы қалай: дәрігерлер жауап берді

жаңа туған сәби
Жаңа туған сәби. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ақтөбеде қоқыс арасынан табылған бөбекті сәбилер үйіне өткізуге дайындап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір сәби қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Ауруханаға түскен кезде салмағы 2 келі 900 грамм болған нәресте бүгінде 3 келі 120 грамм. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалағанымен, барлық талдауы қалыпқа келіп, салмақ қосып жатқанын айтады.

Айта кетелік, осыдан тура он күн бұрын көп қабатты үй ауласындағы қоқыс маңынан жаңа туған сәби табылған. Оны 13 жастағы оқушы құрбысымен серуендеп жүріп байқап қалған. Қыздар қозғалып жатқан қара пакетті көріп, алғашқыда "мысық болар" деп ойлайды. Артынша ересектерді шақырған. Ашып қарағанда, ішінде жаңа туған нәресте жатқанын көрген. Сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Ал оны тастап кеткен ана әзірге табылған жоқ. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Салмағы өз жасына сәйкес қосылып жатыр. Бүгінде қорғаныш бөлімі және де ішкі істер басқармасы өклідері бірлесіп құжаттарын рәсімдеуде. Құжат дайын болғаннан кейін "Үміт" балалар үйіне орналастырылады", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау бақармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова.

Еске салсақ, бұдан бір апта бұрын Ақтөбеде қоқыстан нәресте салынған пакет табылды. Жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілген.

Кейіннен пакетті бірінші болып 11 жастағы жасөспірім ескі гараждар маңындағы ағаш түбінен тауып алғанын жазған едік.

Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестенің жағдайы қалай: дәрігерлер жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.