jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі": Тоқаев мұғалімдерге қатысты заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін аталған заң жобасы мәжілісте қаралып жатқанын жазған едік.

Депутат Асхат Аймағамбетов атап өткендей, бұл заң жобалары педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.

"Балалардың өмірі мен денсаулығына мүғалімдер оқу процесі кезінде ғана жауапкершілік алатынын анықтау ұсынылады. Оқу уақытынан тыс уақытта, сондай-ақ мерекелер мен кешкі уақытта жауапкершілік ата-аналарға жүктелуі керек.

Мемлекет басшысы бізге мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараға қатысуына жол бермеу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қатар жүргізуге тыйым салу ұсынылады: барлығы тек бір форматта болуға тиіс.

Сонымен қатар мұғалімдерді жұмыс нәтижелерін әлеуметтік желіге жариялауға мәжбүрлеуден қорғайтын норма енгізілуде" - деп атап өтті ол.

"Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі": Тоқаев мұғалімдерге қатысты заңға қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.