jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Ол – көпшіліктің сүйіктісі": белгілі бокс бапкері Данияр Елеусіновке қатысты іске пікір білдірді

Боксшы Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: olympic.kz

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бокс бапкері, спорт функционері Тұрсынғали Еділов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты іске ойын білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еділовтің айтуынша, ол әзірге орын алған оқиғаның барлық мән-жайымен толық таныс емес.

"Даниярды қолдау керек, ол біздің ең интеллектуалды боксшымыз, Олимпиада чемпионы. Мен оның әдейі бір нәрсе жасағанына сенбеймін, иә, мүмкін, бір жерде бірдеңе болып қалды. Мүмкін, отбасылық жағдай немесе қандай да бір стресс болған шығар. Егер бұл шынымен солай болса, мен әлі күнге дейін сене алмаймын", – деді Еділов.

Сонымен қатар Еділов егер ақпарат расталса, халыққа ашық түрде үн қатқан дұрыс болатынын атап өтті.

"Кешірім сұрау керек, жалпы, батылдық танытып, мойнына алу қажет. Егер бұл рас болса, ол ешқайда қашпайды. Сондықтан ертең бәрі белгілі болады, менің ойымша, дәл қазір батылдық көрсетіп, барша халықтан кешірім сұрау керек. Бар болғаны сол. Жағдайды түсіндіріп айт, бастысы – осы. Халық түсінеді, қалай болғанда да ол – көпшіліктің сүйіктісі, оған кезінде жанкүйер болғандар көп. Ол да ел үшін көп еңбек сіңірді. Менің ойымша, халық түсінеді", – деп түйіндеді ол.

Еділов барлық мән-жай анықталғанға дейін Елеусіновке қолдау көрсету маңызды екенін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде Астанада бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Онда кеше "Хан Шатыр" СОО маңында екі жол-көлік оқиғасы болғаны айтылған. Сондай-ақ жарияланымда Toyota Land Cruiser тізгінінде 35 жастағы Данияр Елеусінов болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Астана қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісінің сауалына берген жауабында Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалағанын растады, бірақ оның аты-жөнін нақтылаған жоқ.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған болуы мүмкін деген ақпараттан кейін сот кабинетінде істің сотқа жолданғаны туралы мәлімет жарияланды.

Сонымен бірге бүгін Елеусіновке қатысты үш бірдей жол-көлік оқиғасы бойынша сот шешімі шыққанын жазған едік. Боксшы 20 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

"Ол – көпшіліктің сүйіктісі": белгілі бокс бапкері Данияр Елеусіновке қатысты іске пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.