RU

"Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы басшылық қызметке тағайындалды

Фото
Фото: Алматы облысының өңірлік баспасөз қызметі

"Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Рысқұл Ұлан Ғалымұлы Алматы облысы, Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне директор болып тағайындалды. Алдағы жұмысына сәттілік тілеймін", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты ұйымның басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындады. Оның бірі Ермахан Ибраимов.

Сонымен қатар қаңтар айында Жансая Әбдімәлік Алматы қаласының мәслихат депутаты атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1906476-qazaqstan-barysy-turnirinin-zenimpazy-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/