Қазақстандық Әмір Омарханов Түркияда жасөспірімдер арасындағы Tennis Europe14&U Ahmet Erguden Cup турнирінде жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннис федерациясы мәлім еткендей, Қарағанды теннис мектебінің түлегі финалда түркиялық, осы доданың 2-ракеткасы Хейдар Гокпинармен күш сынасты.
Матч басында брейк жасаған қазақстандық жас теннисші алға кетті. Ол бірінші және екінші сетте де қарсыласынан оқ бойы озық тұрды.
Осылайша Ә.Омарханов 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Әмір Омархановтың жарыстың абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол бүгін тағы бір қазақстандық Владимир Киммен бірге жұптық сында турнирдің 1-ракеткалары, ресейлік Максим Власов – түркиялық Керим Йелмазбен финалда бас жүлдені сарапқа салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1916306-qazaqstandyq-zas-tennissi-turkiyadagy-turnirde-zenimpaz-atandy/