Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауадай қажет": Белгілі спортшы қазақстандықтардан қолдау күтетінін жеткізді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Olympic.kz

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова Бейжің Олимпиадасы қарсаңында жанкүйерлерден қолдау күтетінін жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Төртжылдықтың ең басты додасы санаулы күндерден кейін басталады. Бұл бәсекені спортшылар да, жанкүйерлер де асыға күтті. Әлемдегі пандемия да бізді біраз әбігерге салды. Осыған қарамастан, біз бар күш-жігерімізді жинап, жаттығуды үзбей, әлем көз тіккен бәсекеде ел намысын қорғаймыз. Мен барша қазақстандық жанкүйерлерді құрама спортшыларын қолдауға шақырамын. Дәл қазір бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет! Бізбен бірге болыңыздар", - деді Жанбота. 

Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасы 4 ақпанда басталады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952118-auadai-qazet-belgili-sportsy-qazaqstandyqtardan-qoldau-kutetinin-zetkizdi/

pixel