Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Криштиану Роналду "МЮ" сапынан кеткен соң мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Pedro Fiúza/NurPhoto via Getty Images

Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду ағылшындық "Манчестер Юнайтед" сапынан кеткен соң мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роналдудың мәлімдемесін спорт журналисі Фабрицио Романо Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Клубпен келіссөздер жүргізген соң, "Манчестер Юнайтед" командасымен келісімді бұзу туралы екі жақты шешімге келдік. Мен команданы да, жанкүйерлерді де жақсы көремін. Бұл ешқашан өзгермейді. Жаңа шақыртулар іздейтін уақыт келгенін сеземін. "Манчестер Юнайтедке" бар жақсылықты тілеймін", - деген Криштиану Роналду мәлімдемесінде.

Айта кетелік, "Манчестер Юнайтед" әйгілі португалиялық футболшымен келісімшартты үзгенін ресми түрде жариялаған болатын.

Мұның алдында Роналду журналист Пирс Морганға даулы сұхбат беріп, команданың құрылымын сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998530-aigili-kristianu-ronaldu-myu-sapynan-ketken-son-malimdeme-zasady/

pixel