Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ақордаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды.

Бұған дейін президент Әлем чемпионатын тамашалау үшін Ресейге келгенін хабарлаған болатынбыз.

2018 жылғы әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.

Турнирге 32 ұлттық құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Чемпионатқа көптеген танымал тұлғалар ағылды. Олардың арасында боксшы Геннадий Головкин бар.


Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/1737302-nazarbaev-futboldan-lem-cempionatyny-asyluyn-kalaj-tamasalady-foto/