Мемлекет басшысы Ресейдің Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы "Ақордаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуы және турнирдің Ресей мен Сауд Арабиясы құрама командалары арасындағы бірінші ойынын көруі жоспарланған", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қытай көшбасшысымен кездескен болатын.


Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1737256-nazarbaev-lem-cempionatyn-tamasalau-sin-resejge-keldi-foto/