jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ләйлә Сұлтанқызы танымал бразилиялық футболшымен кездесті (фото)

    Футболшы Виллиан мен Ләйлә Сұлтанқызы
    Фото: Instagram/sultankyzy

    Танымал қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дубайда "Арсенал" футболшысы Виллиан Боржес да Силвамен көрісті. Белгілі бразилиялық аяқдопшы да Біріккен Араб Әмірліктеріне отбасымен демалуға барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде Дубайдағы демалысының қызықтарымен әлі де бөлісуде. Ақпарат өкілі Біріккен Араб Әмірліктерінде ойламаған жерден әйгілі футболшы Виллиан Боржес да Силвамен кездесіп қалған.

    Оның айтуынша, бразилиялық спортшы Дубайда келіншегі мен егіз қызымен бірге демалып жатыр.

    Қазақстандық тележүргізуші англиялық "Арсеналдың" үздік ойыншыларының бірімен естелікке суретке түсіп, оны өз парақшасында жариялап қойған.

    Белгілі болғандай, Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы да футболды қатты жақсы көреді. Балаларының қызығушылығының арқасында жұлдызды ана да спорттың бұл түрінен біраз нәрсені білетін болған.

    "Күшті, мен де бұл ойыншыны кезіктіргім келеді" , "Недеген қарапайым футболшы. "Челси" сапында жақсы ойын көрсететін еді." , "Ұлдарыңыздың арқасында футболдан а хабарым бар дейсіз ғой", "Мықтысыз Ләйлә ханым. Футболшыны танып қойғаныңыздың өзі көп нәрсені дәлелдейді" , "Виллианды көрген де, көрмеген де бар" , "Виллианды кезіктіру менің асқақ арманым" , "Қандай бақыттысыз. Бұл ойыншыларды көре алмай жүргендер қаншама көп" , - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін қазақстандықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырған болатын.

    Ләйлә Сұлтанқызы танымал бразилиялық футболшымен кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.