jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Боксшы Санжар Тәшкенбай Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды

    Санжар Ташкенбай
    Санжар Ташкенбай. Фото: instagram/tashkenbay_sanzhar

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Қазақстан Қарулы Күштері қатарына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Санжар Тәшкенбай өзінің Instagram-дағы ресми парақшасына әскери ант қабылдау сәтінен фотосурет салып, "Отанды сүю - иманнан" деген пікір қалдырды.

    Еске салайық, Санжар 2023 жылдың мамыр айында Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің алтын жүлдесін грузиялық Сахил Алахвердобимен сарапқа салды. Бірінші раундта төрешілер түгелдей қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанған еді.

    Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының алтын медаль иегері.

    Боксшы Санжар Тәшкенбай Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.