jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Неймар 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвестің жазасының жеңілдеуіне көмектесті

    Дани Алвес және Неймар
    Дани Алвес және Неймар. Фото: Zhizhao Wu/Getty Images

    Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы Неймардың отбасы 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвеске көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UOL порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Барселона" футбол клубының және Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Дани Алвес түнгі клубтардың бірінде қыз зорлады деп айыпталған еді. Ол сот шешімі бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

    UOL порталының мәліметінше, Дани Алвестің досы, бразилиялық футболшы Неймар және оның отбасы жәбірленушіге төленуге тиіс 150 000 еуроны өтеп берген. Бұл Данидің жазасының жеңілдеуіне көмектескен көрінеді. Сондай-ақ өткен жылдың маусымынан бастап Алвестің соттағы мүддесін Неймардың әкесінің компаниясында ұзақ уақыттан бері заңды өкіл болып жүрген Густаво Ксисто қорғағаны атап өтілді.

    Айта кетейік, енді Дани Алвес Каталонияның Жоғары сотына, одан кейін Испанияның Жоғары сотына аппеляцияға шағым түсіре алады.

    40 жастағы футболшы "Севилья", "Барселона", "Ювентус" және франциялық "Пари Сен‑Жермен" клубтарында ойнаған. Ол Бразилия ұлттық құрамасының сапында 126 матч өткізіп, командамен бірге Америка кубогы мен Конфедерациялар Кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медалін иеленген еді.

    Неймар 4,5 жылға сотталған футболшы Дани Алвестің жазасының жеңілдеуіне көмектесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.