jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитов АҚШ-та панасыз қалған қазақстандық спортшыға көмектесетінін мәлімдеді

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов АҚШ-та қиындыққа тап болған қазақстандық спортшы Мария Агаповаға көмектесетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова АҚШ-та үйсіздерге арналған баспана іздеуге мәжбүр екенін мәлімдеген еді.

    "Осындайды естудің өзі өкінішті. Мұндай жаңалықтарға жүрегім ауырады. Соңында дымсыз қалатын болсаң, осындай спортпен айналысып, еліңнің туын көтерудің қажеті қанша деп кейде ойлайсың... Мен өз тарапымнан оған көмектесуге тырысамын. Майамиде достарым бар. Оларға хабарласып, Марияға қалай көмектесе алатынымызды анықтаймын. Біз туымызды көтеріп жүргендерді қолдауымыз керек. Қандай жағдай болмасын, мен оған тек жақсылық тілеймін және лайым бәрі жақсы болсын", - деді Қуат Хамитов.

    Айта кетейік, 27 жастағы Мария Агапованың (10-4) UFC-дегі кезекті жекпе-жегі 13 шілдеге жоспарланған. Ол Бразилия өкілі Луана Сантоспен (7-1) UFC Fight Night турнирінде кездеседі.

    Қуат Хамитов АҚШ-та панасыз қалған қазақстандық спортшыға көмектесетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.